$457.29 €490.35 ₽5.97
×

БҰҰ АҚШ-тағы адам құқығына қатысты мәселелерді сынға алды

AstanaTV
13.05.2015ж. 10:00
820
БҰҰ АҚШ-тағы адам құқығына қатысты мәселелерді сынға алды

БҰҰ АҚШ-тағы адам құқығына қатысты мәселелерді сынға алды. Бұл ақпаратты Ресей Сыртқы істер министрлігінің сайты таратты. Мәлімдемеде көрсетілгендей, БҰҰ-на қарасты мемлекеттер Американың Фергюсон, Балтимор қалаларында орын алған нәсілшілдік пен полиция тарапынан жасалып отырған заң бұзушылықты анықтаған. Сонымен бірге БҰҰ «АҚШ терроризмге қарсы күресті сылтау етіп, адам құқықтарын сақтамай отыр» деп мәлімдеді. Вашингтон Гуантанамадағы түрмені де әлі жапқан жоқ. Ол жерде адам құқықтары тапталып, ондаған адам әділетсіз түрде қамауда отыр деп хабарлайды Ресей Сыртқы істер министрлігі. Сондай-ақ, АҚШ-тың ұшқышсыз басқарылатын ұшықтары шабуылының салдарынан бейбіт тұрғындардың зардап шеккені айтылады. Ұйымның ақпарына сәйкес Құрама Штаттар әлі күнге дейін балалар құқығын сақтайтын Конвенцияға әлі қосылмаған.

Самат ҚАНАҒАТОВ



orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах