АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри «егер Мәскеу Минск келісімдерін толық орындайтын болса, онда Вашингтон Ресейге қарсы санкцияларды тоқтатады» деп мәлімдеді. Бұл ақпаратты The Wall Street Jornal АҚШ шенеуніктеріне сілтеме жасап таратты. Рейтерстің ақпаратына сәйкес осы күндері Сочи қаласында Джон Керри мен Ресей президенті Владимир Путин арасында келіссөздер өтуде. АҚШ мемлекеттік хатшысының пайымдауынша, Ресейден қолдау көрген сепаратистер келісім шарттарды жиі бұзып, Украинаның шығысындағы жағдайды ушықтыруын тоқтатар емес.
Сондай-ақ, Керри Сирияда орын алған жағдайға орай Ресейдің көзқарасын білгісі келеді. Бұдан бұрын Путиннің баспасөз хатшысы Александр Песков «Келіссөздер барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралады. Соның ішінде екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас пен Украина, Сирия және Иран мәселелері талқыланады» деген болатын.
Самат
ҚАНАҒАТОВ