$488.11 €530.09 ₽5.01
×

Соғыста із-түссіз жоғалған ақмолалық сарбаздың медальоны Новгород облысында табылды

AstanaTV
13.05.2015ж. 10:00
1462
Соғыста із-түссіз жоғалған ақмолалық сарбаздың медальоны Новгород облысында табылды

Отан соғысында із-түзсіз жоғалған Қазақстандық сарбаздың медальоны Ресейдің Новгород облысынан табылды. Әскери бұйымды екінші дүниежүзілік соғыстың ұрыс алаңдарында қазба жұмыстарын жүргізген қызылжарлық «Саланг» әскери-патриоттық клубының мүшелері байқаған. Аталмыш топтың шайқас болған жерлерді қопарып жүргеніне 20 жылдан асты. Осы уақыт аралығында қан майданнан оралмаған жүздеген азаматтың нақты қай аумақта қаза тапқанын анықтаған. Бұл жолы қазба жұмыстарын бірнеше елден жиналған 27 клуб жүргізді. Олар 23 күн ішінде топырақ астынан 577 жауынгердің қаңқасын алып шыққан. Экспедиция барысында табылған 13 медальонның біреуі қазақстандық сарбаз - Степан Рудишке тиесілі екен. Темір бұйымда ол азаматтың 1916 жылы Ақмола облысында туғаны жазылған. Қазір клуб мүшелері Степан Иосифовичтің туған-туыстарын іздестіруге кірісті.

Александр Азегов, «Саланг» әскери- патриоттық клубының жетекшісі:

Ғаламтор арқылы іздеп көреміз. Кейін мүмкіндік болса, Ақмола облысының әскери комиссариаты өкілдеріне жолығамыз. Бірақ, бұл мекеме берген мекен-жай кейде сәйкес келе бермейді. Сарбаздардың жақын-жұрағаттары өзге жаққа көшіп кетеді. Бұл жолғы ізденістің сәтті боларына сенеміз.

Абзал ҚҰРМАНКИН