Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылжарда экзотикалық балықтардың көрмесі өтті

AstanaTV
13.05.2015ж. 13:00
1174
Қызылжарда экзотикалық балықтардың көрмесі өтті

Қызылжарда экзотикалық балықтардың көрмесі өтті. Онда көрермен назарына су жануарының қырықтан астам түрі ұсынылған. Басым бөлігі Африка және Оңтүстік Америка материктерінен әкелініпті. Шараға мұрындық болғандардың айтуынша, мына ала түсті жайынды тек Иордания жағалауларынан ғана кездестіруге болады. Балықтың бұл түрі сол жердің климатына ғана бейімделген. Ол желбезегі арқылы құрғақшылық кезінде де, жер астына кіріп, жаңбыр жауғанын күтіп жата беретін көрінеді. Көрме ұйымдастырушылары су жануарларын жинауға 2 жыл уақыттарын арнапты.

Алексей Коновалов, Көрме ұйымдастырушысы:

Ғаламның әдемі жерлерін аралау әрбір адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан да тұрғындар үшін осындай кішігірім ғажайып әлемді жасауды жөн көрдік. Мұнда сирек кездесетін балықтар бар. Олардың көбі мұхиттың тұзды суына үйренген. Әрине, теңіз суын бұл жаққа тасу қалтаны қағады. Сондықтан біз теңіз тұзын сатып алып, тұщы сумен араластырып отырамыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН