$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қазақ журналистикасының майталманы Х. Бекхожин оқулары басталды

AstanaTV
13.05.2015ж. 13:00
2090
Қазақ журналистикасының майталманы Х. Бекхожин оқулары басталды

Қазақ білімінің қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі «Бекхожин оқулары» басталды. Осы оқу орнында журналист мамандарды даярлауға саналы ғұмырын арнаған профессор Хайыржан Бекхожинге құрмет көрсетілді. Шара аясында ғалымның шығармашылығы тақырыбына студенттер арасында байқау ұйымдастырылып отыр. Оның талаптары мен міндеті туралы бүгін арнайы конференция барысында айтылды. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мәңгілік ел идеясы мен ғылыми жасампазадықты негізге алып, Бекхожиннің болмысын ашуы керек. Барлығы төрт номинация бойынша үздік ден танылған ғылыми жобаларға Хайыржан Бекхожин атындағы стипендиялар тағайындалады. Университет ұжымы атақты ғалым туралы «Өнегелі өмір» сериясымен екі бірдей кітапты басып шығарған.

Бауыржан Жақып, Филология ғылымдарының докторы, профессор:

Бекхожин оқулары деген атпен арнайы оқулар өтіп отырады. Оның негізгі мақсаты- мына жас журналистердің ішінде, студенттердің ішінде әртүрлі тақырыпқа байқаулар жарияланып, солардың жеңімпаздары марапатталады. Тек қана Бекхожин творчествосына емес, төрт аталым бойынша студенттер арасында байқау өткізіліп, соларға жүлделер тапсырылады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ