$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Тау-кен, метталургия өндірісіндегі ірі компаниялар Үкіметтен көмек сұрайды

AstanaTV
13.05.2015ж. 20:00
1069
Тау-кен, метталургия өндірісіндегі ірі компаниялар Үкіметтен көмек сұрайды

Тау-кен, метталургия өндірісіндегі ірі компаниялар Үкіметтен көмек сұрап отыр. Салалық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Родостовецтің айтуынша, отандық тау-кен, металлургия өндірісі бұрын-соңды болмаған қиын жағдайды бастан кешуде. Оның сөзінше, негізгі металдар - темір мен мыстың - бағасы әлемдік нарықта 30-40 пайызға құлдырған.

Соған қарамастан, қазақстандық бірде-бір компания жұмысшыларды қысқартқан жоқ, - дейді. Сондықтан Үкімет жанынан құрылған жаңғырту жөніндегі комиссиядан ұзақ мерзімді әрі пайыздық үстемақысы төмен несие сұрайды. Родостовец бұл уақытша құбылыс, нарықта ахуал тұрақталған соң, алпауыт өндірістік компаниялар қарызды өсіммен қайтарады деп сендірді.

Николай Родостовец, тау-кен өндіруші және тау-кен метталургия кәсіпорындары республикалық қауымдастығының атқарушы директоры:

Ұлттық банк, коммерциялақ банктер, бәлкім, Ұлттық қордан көмек берілер. Мәселе пайдасыз несие туралы емес. Керісінше, бұл экспорттық компаниялар. Жағдай уақытша құбылып тұр. Баға өскен соң, пайыздық үстемеден бөлек, тұрақты өндірістен бюджетке де біраз табыс түседі деп ойлаймыз.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ