$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Атырауда балықтар қырылып жатыр

AstanaTV
14.05.2015ж. 10:00
1102
Атырауда балықтар қырылып жатыр

Атырауда балықтар қырылып жатыр. Табан, қара балықтардың өлуі «Ақ Жайық» табиғи резерваты аумағындағы тіркелген. Әсіресе, Шман және Рыбоходка өзектерінің арасындағы қолдан жасалған шағын бөлікте қырылған балықтар көп. Өзектің ұзындығы - 300 метрдей, ені - 3 метрден асады. Қазір бұл оқиғаны тексеруге арнайы комиссия құрылды. Ихтиология институты мен «Қазгидромет» мекемесінің мамандары сынама алуда. Шашылып жатқан табан мен қара балықтардың жалпы салмағы 2 тонна,- дейді оқиға орнына барған мамандар. Қазір шіруге жақын қалған балықтар өзеннің өзге тармақтарына ағып кетпеуі үшін «Ақ Жайық» резерваты қызметкерлері оларды жинап, жойып жатыр. Балықтардың неден қырылғаны әзірге белгісіз.

Асылбек Мұқанов, Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары:

Жаңбырдың, басқа теңізден су келіп, кейін қайып кеткен кезден болған сияқты. Себебі балықтардың көпшілігі құрғақта, балшық жерде жатыр. Сол себептен ауа жетпеуі себебінен өлуі мүмкін деп есептеймін. Оны арнайы сараптама қорытындысымен айта аламыз нақты неден болғанын.

Базаргүл   НӘДІРҚЫЗЫ