$459.75 €494.14 ₽5.54
×

Оралда көзі нашар көретін суретшінің көрмесі өтті

AstanaTV
14.05.2015ж. 13:00
1908
Оралда көзі нашар көретін суретшінің көрмесі өтті

Оралда жас суретші Жақсылық Төреғалиевтің көрмесі өтті. Ол көзі нашар көретін балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың оқушысы. Жақсылық тұңғыш көрмесін, «Әлемді көзбен емес, жүрекпен ұғамын» деп атаған. Қарындаш және майлы бояумен сурет салуды жақсы меңгерген талапкер суретші осыған дейін түрлі облыстық, республикалық байқауларда топ жарып, жүлдегер атанған.

Енді міне отыздан астам туындысын көпшілік назарына ұсынып отыр. Жақсылықтың айтуынша, ол сурет салуды бала кезден жақсы көреді. Әсіресе, туған жердің табиғаты, ана мен бала тақырыбы оның жанына жақын. Бүгінгі көрмеде қолына сәби ұстаған жас ана мен сәбилердің түрлі ракурстегі бейнелері қойылған.

Жақсылық Төреғалиев, жас суретші, БҚО Көзі нашар көретін балаларға арналған мектептің оқушысы:

Бір суретке 2-3 күндей уақыт кетеді. Кейде шабыт келіп қалады, шабыт келгенде қолыма қылқалам алып, қағаз бетіне енгіземін. Көзім ашиды, көзім майы... кейде көзім қызарып кетеді. Бірақ оған қарамастан суретімді аяқтауға тырысамын.

Еркін КАРИН