$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Айыптаушы тарап Джохар Царнаевқа өлім жазасын сұрады

AstanaTV
14.05.2015ж. 13:00
1046
Айыптаушы тарап Джохар Царнаевқа өлім жазасын сұрады

АҚШ мемлекеттік айыптаушылары Бостон террактісіне кінәлі деп танылған Джохар Царнаевқа өлім жазасын кесуді сұрап отыр. Рейтерс агенттігі прокурорлар Царнаев адвокаттарының «Джохар ағасы Тамерланның теріс ықпалына түсіп, арандап қалды» деген сөздеріне сенбеген сыңайлы. Айыптаушылар ағайындылар терракт үшін тең жауапты деп, кіші Царнаевқа 30 бап бойынша айып тағуда. Олардың он жетісі бойынша Құрама Штаттардың заңына сәйкес өлім жазасы беріледі. Царнаевтарға қатысты істің күрделі болуынан сот «екі ағайындының кішісіне ықпалдасты» деген айыппен қамауға алынған қазақстандық азаматтар бойынша да шешімді бірнеше рет шегерді. Отандастарымыздың бірі - Азамат Тажаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов біздің арнамызға 14 мамырға белгіленген сот үкімі 5-ші маусымға шегерілгенін хабарлады. Ал одан бір күн бұрын, 4 маусымда - екінші қазақстандық - Диас Қыдырбавқа үкім шығуы тиіс. Әмір Исмағұлов Азамат пен Диасқа тағылған айыптар террактіге еш қатысы жоқ деп, олардың ақталарына сенім артып отыр. Еске салайық, Джохар Царнаев ағасы Тамерлан екеуі 2013 жылдың сәуірінде Бостон марафонында терракт ұйымдастырғаны үшін айыпталды. Терракт салдарынан үш адам қаза тауып, 260 адам жараланды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ