Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

НАТО өз әскерлерін Ауғанстанда қалдыру туралы шешім қабылдады

AstanaTV
14.05.2015ж. 13:00
861
НАТО өз әскерлерін Ауғанстанда қалдыру туралы шешім қабылдады

НАТО өз әскерлерін Ауғанстанда қалдыру туралы шешім қабылдады. Алайда әскерилер құрамы қысқарады. Бұл туралы Рейтерс хабарлайды. Солтүстік Атлантикалық альянс ұйымының хатшысы Йенсен Столтенбергтің сөзінше, миссияны азаматтық тұлғалар басқарады. Айта кетерлігі, қазіргі таңда Ауғанстанда он мың америкалық әскерилер және НАТО елдерінің үш мыңға жуық әскери қызметкерлері орналасқан. Жалпы Құрама штаттардың жоспары бойынша 2015 жылдың соңына қарай Ауғанстанда бес мың америкалық әскери қызметші қалуы тиіс болатын. Ал 2016 жылға қарай елден барлық шетелдік әскерлер шығарылуы тиіс-тін. Десе де, биылғы жылдың наурызында ауған президенті Ашраф Гани америкалық әскерлердің елде қалу мерзімін созуға келісімін берді. Оның пікірінше, ауған жұрты америкалықтардың көмегіне әлі де мұқтаж. Айта кетейік, батыс коалициясының әскерлері Ауғанстанда 2001 жылы орнықты. Дерек бойынша, осы уақыт аралығында шетелдік үш жарым мың әскери қаза тапқан. Олардың 2 мыңнан астамы - америкалықтар.

Жұрағат БАМАН