$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Беларусьтің келесі президенті әйел адам болуы әбден мүмкін

AstanaTV
15.05.2015ж. 10:00
1117
Беларусьтің келесі президенті әйел адам болуы әбден мүмкін

Беларусьтің келесі президенті әйел адам болуы әбден мүмкін. Елдің Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Лидия Ермошина осындай болжам жасады деп жазады БЕЛТА агенттігі. Сондай-ақ, төрайым алдағы президенттік сайлауға әйел адамдардың атсалысуына оң көзқарас білдіретінін де айта кетті.

Беларусь басшысын сайлау алдағы күзде, дәлірегі 15 қарашада, өтуі мүмкін. Елдегі Орталық сайлау комиссиясының төрайымы нақты шешім тамыз айында белгілі болады деді. Беларусьтің қазіргі президенті Александр Лукашенконың құзыреті 2016 жылдың 21 қаңтарында аяқталады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ