Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Атырауда індет тарап кетпеуі үшін ауыз суды хлорлау ісі қарқын алды

AstanaTV
15.05.2015ж. 10:00
2324
Атырауда індет тарап кетпеуі үшін ауыз суды хлорлау ісі қарқын алды

Нөсер жаңбырдан соң тасқын судың әлегіне үшыраған атыраулықтар тағы бір қиындыққа ұшыруы мүмкін. Мамандар енді аймақта жұқпалы індет тарап кетуінен қауіптеніп отыр. Сондықтан өңірде ауызсуды хлорлау күшейтілді - деп Қаз ТАГ хабарлады. Мамырдың он бірінде басталып, бір тәулік бойы жауған жауыннан Атырауда,  252 үй зардап шеккен. 119 үйдің ішін су алды. Бұл облыс әкімінің дерегі.

Алайда Төтенше жағдайлар депаратаменті өкілі бұдан алдыңғы түсініктемесінде су басқан үйлердің саны 42 деген. Әкім толассыз жауған нөсерден зардап шеккен атыраулықтарға пәтер берілмейтінін де айтты. Бірақ комиссияның шешімінен соң қаржылай көмек көрсетіледі. Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов осыны мәлімдеді. Ал өңір басшысы табиғат апаты кезінде қол созудан бас тартқан мекемелерді атады. Олардың ішінде «Атырау жылу энергия орталығы» АҚ, «Атырау энерго» мекемесі,  «Іскер» консорциумы, «Қазтрансгазаймақ» мекемесінің Атыраудағы филиалы, «Қазақтелеком» және кейбір жеке компаниялар бар.  «Мұны компания басшыларының ар-ожданына қалдырайық,»- деп қысқа қайырды әкім.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА