$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Байқоңырда «Прогресс» жүк кемесінің кезекті стартына әзірлік жұмыстары жүріп жатыр

AstanaTV
15.05.2015ж. 10:00
1043
Байқоңырда «Прогресс» жүк кемесінің кезекті стартына әзірлік жұмыстары жүріп жатыр

Байқоңырда ғарыштық мақсаттағы «Союз-У» зымыранымен «Прогресс М28М» жүк кемесін ұшыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Интерфакс агенттігі ғарыш айлағында дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Қазір кеме барлық тексерістерден өтіп, кешенді сынақтарға көшті. Ұшыру 3-шілдеге жоспарланып отыр. Бұған дейін оның старты тамызға бекітілген. Алайда, «Прогресс М-27М» жүк кемесінің сәтсіз ұшырылуынан кейін кесте өзгертілді. 28-сәуірдегі стартта кеме зымыраннан бөлінер кезде, онымен байланыс үзіліп, халықаралық ғарыш станциясына жетуі тиіс «Прогресс» ашық орбитада Жерді босқа айналды. Ақыры тынық мұхитына құлап тынды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ