$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Ресей Украинаның қарызын кешіруден бас тартты

AstanaTV
15.05.2015ж. 10:00
1069
Ресей Украинаның қарызын кешіруден бас тартты

Ресей Украинаның қарызын кешіруден бас тартты. Бұл елдің өзінің де сыртқы қарызы 2,4 миллиард долларға артып, 33 миллиардқа жуықтаған. Ресей қаржы министрінің орынбасары Сергей Сторчактың мәлімдеуінше, билік Украинаның берешегін қайта қарауға құлықты емес. ТАСС-тың хабарлауынша, ресми Мәскеу маусым айында Киев қайтаруы тиіс қарыздың алғашқы төлемін күтеді. Айта кетейік, 2014 жылдың маусымында Украина 73,3 миллион доллар қарызын өтеген. Желтоқсанда тағы 75,5 миллион доллар берешегін қайтарды. Бұған дейін, Украина құнды қағаздарының 10 миллиард долларға тең үлесін ұстап отырған кредиторлар да қарызды сызып тастаудан бас тартқан еді. Ал Ресейдің қолында бұл еурооблигациялардың 3 миллиард долларға тең көлемі бар. Халықаралық валюталық қор Киевке қаржылай көмектің шарты ретінде 2019 жылға дейін 15 млрд доллар сыртқы қарызынан құтылу талабын қойып отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ