Қытай Бразилия экономикасына 50 млрд доллар қаржы жұмсайды. Бұл қаржы Латын
Америкасы елінің инфрақұрылымдық жобаларына инвестиция ретінде құйылады, деп
жазды «ВВС» агенттігі. Екі елдегі банктер арасындағы арнайы келісімге келесі
аптада Бразилияға Қытай Премьер-Министрінің ресми сапары барысында қол қойылады
деп күтіліп отыр. Ал «Рейтерс» агенттігінің мәліметіне сүйенсек, бұл қаржыға
Бразилияның Атлант мұхиты жағалауы мен Перудің Тынық мұхиты жағалауларына темір
жол салынбақ. Сонымен қатар, темір өндіруде ортақ өндіріс орнын ашу да жоспарда
бар. Айта кетейік, Бразилия - Қытайға темір экспорттаушы ел.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА