$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

AstanaTV
25.05.2015ж. 13:00
1217
Еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Республика бойынша мектеп бітіруші түлектер саны - 124 379 оқушы. Оның 87 мыңнан астамы ұлттық бірыңғай тест тапсыруға ниет білдірген. Бұл жалпы түлектердің 71 пайызы. Айта кетерлігі, биыл ұлттық бірыңғай тестілеуге алғаш рет 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша оқыған оқушылар қатысады. Оларға сынақ сұрақтары 12 жылдық білім беру бағдарламасының базасы негізінде құрылды. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Астана қаласындағы 64-ші мектепте өткен салтанатқа  қатысып, барша түлектерге ақ жол тіледі. Айта кетерлігі, бұл білім ордасы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 2010 жылы қолданысқа берілген. Биылғы 116 түлектің бесеуі - Алтын белгіден үміткер.

Aслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

ҰБТ 2-15 маусым аралығында өтеді. Толық дайындығымыз бар. Мемлекетімізде жастар үшін  барлық мүмкіндік бар, жыл сайын 35 мыңнан астамы грант бөлеміз. Ол арқылы жас түлектер жоғарғы оқу орындарына  барып оқуларын жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Айгүл ӘДЕПБАЙ