$474.72 €515.17 ₽5.58
×

68-ші Канн кинофестивалі мәресіне жетті

AstanaTV
25.05.2015ж. 10:00
1125
68-ші Канн кинофестивалі мәресіне жетті

68-ші Канн кинофестивалі мәресіне жетті. «Алтын пальма бұтағы» сыйлығын француздық режиссер Жак Одиардың «Дипан» туындысы иеленді. Әлеуметтік драма желісінде өрбитін фильм отбасымен Еуропа асып, Францияда күзетші болып жұмысқа орналасқан азаматтың тағдыры жайлы. Ал Үздік режиссер номинациясын, адам өлтіруді жетік меңгерген Ортағасырлық қытай қызы жайында фильм түсірген Хоу Сяо-Сянь алды. Мишель Франконың «Хроникасы» үздік сценарий деп танылды. Үздік әйел рөлін «Кэрол» фильмі үшін Руни Мара мен «Менің патшамдағы» образы үшін Эмманюэль Берко өзара бөлісті. «Үздік ер адам ролі» номинациясы бойынша «Нарық заңдылығындағы» басты рөлі үшін Стефан Бризе үздік деп танылды. Қысқа-метражды фильмдер арасынан ливан-катар бірлесе шығарған «Толқындар» лентасы үздік атанды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ