$520.93 €609.07 ₽6.68
×

НАТО әскери күштері Кабулде тұрақты база құрмақ

AstanaTV
25.05.2015ж. 13:00
1126
НАТО әскери күштері Кабулде тұрақты база құрмақ

Америка Құрама Штаттары мен НАТО бойынша серіктестері 2016 жылдан кейін де Ауғанстан жерінде әскери күштерін қалдырмақ. Тіпті, Кабулде әскери база құрылады. Ауғанстандағы коалициялық күштердің қолбасшысы генерал Джон Кэмпбелл осыны мәлімдеді -деп жазады Washington Post. Кэмпбеллдің айтуынша, Ауғанстан астанасында Солтүстік атлантикалық альянс ұйымының штаб-пәтері құрылмақ. Осылайша ауғандықтарға көмек көрсетіп, техника жеткізіп, әкери барлау жұмыстарының координациясын жасауға мүмкіндік аламыз дейді генерал. Десе де, Джон Кэмпбелл 2016 жылдан кейін Ауғанстанда қалатын әскерилердің нақты санын айта алмады. Бірақ, АҚШ-тың Кабулдегі елшлігін күзететін америкалықтар бұл сапқа кірмейді -деді. Айта өтейік, Америка, дипломатиялық орталықтарын қорғау үшін бір мыңдай әскеримен келісімге отырды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА