Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматылықтар «Гүл қала» фестивалінің 5 жылдық мерейтойын тойлады

AstanaTV
25.05.2015ж. 13:00
1443
Алматылықтар «Гүл қала» фестивалінің 5 жылдық мерейтойын тойлады

Алматылықтар «Гүл қала» фестивалінің 5 жылдық мерейтойын тойлады. «Қаланың үздік флорисі» атағы мен 2,5 млн. теӊге сыйақы үшін мегаполистіӊ 8 ауданыныӊ 30 қатысушысы бәсекеге түсті. Қатарында жас натуралистер де бар. Оларға берілген тақырып - бақыт кемесін жасау мен гүлден киім өру болды. Туындыларын сан алуан гүлмен әрлеген балалардың еңбегі тұрғындарды ерекше тамсандырды. Ал, фестивальдің негізі тартуы - 30-дан астам табиғи заттардан жасалған гүл кілем болды. Мұндағы оюлар хризантема гүлдерімен өрнектелген. Бастысы ұлттық құндылықтар дәріптелді. Ұйымдастырушылардың ақпарынша, гүл фестивалін тамашалуға жүз мыңға жуық халық келген. Қалаға ерекше реңк берген гүл мерекесі әдеттегідей жергілікті өнерпаздардың концертімен жалғасты. Ал, қуыршақ театры сахнаға шыққанда сүйсінбеген жан қалмады.

Гүлстан Қасымбаева:

Өте тамаша. Бүгінгі күн ерекше болып тұр. Мен ойлаймын осы алматылықтар үшін осы көктемнің шуағындай мереке ұйымдастырғандарына көп рахметімізді айтамыз. Сонымен қатар осы гүлдің әдемілігін біздің қаламыздың кереметтілігін көріп, тамаша ләззат алудамыз.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ