Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Отандық киім-кешектер шығарушылар неліктен бөтен тілдегі атауларды таңдайды?

AstanaTV
25.05.2015ж. 20:00
2937
Отандық киім-кешектер шығарушылар неліктен бөтен тілдегі атауларды таңдайды?

Брэнд өзіміздікі, атауы - өзгенікі. Отандық киім-кешектер шығарушылар неліктен бөтен тілдегі атауларды таңдайды? Бүгін мәжіліске еліміздегі жеңіл өнеркәсіптің жай-жапсарын түсіндіре келген Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев бұл сұраққа жауап берді. Әдетте Үкімет сағатына Алматыда тігілетін костюм-шалбар, қарағандылық туфли және астаналық шұлық киіп келетін министр бүгін құр қол емес, депутаттарға «базарлық» ала келіпті. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Мөлдір Бақытқызы, тілші:

Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласының жетістігін депуттарға көзбен көрсету үшін, министр Әсет Исекешев бүгін Парламентті кішігірім киім базарына айналдырып жіберді. Міне, мына жерде министрдің өзі үнемі Үкімет сағатына киіп келетін отандық костюмдер де ілініп тұр. Бағасы 15 мыңнан 60 мың теңге аралығында дейді. Сапасы да жаман емес сияқты.

Сәнді киімдерді өлшеп көрген депуттардың жұмыс күні бүгін осылайша «базар көңілмен» басталды. Қазақстандықтар жылына шет елден 2 млрд долларға киім-кешек сатып алады. Елдегі өндіріс көлемі небәрі 66 млрд теңгені құрайды. Шикізат өңделмей, тері-жүн тегіс шетел асып, 5 есе қымбаттап, өзімізге дайын тауар күйінде қайтып келетіні белгілі. Сол шикізаттың өзі заңсыз экспортталады екен.

- Львиная доля сырья остается в сером теневом обороте. С этого экспорта ничего не поступает в госбюджет. Плохая контроль на таможне. - Легкая промышленность с точки зрения контрафакта. Анализ сделаем. – Ой, анализируйте быстрее, иначе в трубу скоро вылетим.

Министр Исекешевтің сөзінше, соңғы 10 жылда елімізде балаларға арнап киім тігу 7,5 есеге өскен. Сондай бизнес иесі Инна Апенко «Қазбренд» стратегиялық бағдарламасын ұсынды. «10 жылда -10 бренд» құруды көздейді. Идея түріктерден алынған. Отандық бренд өнім шығарушыларға сауда орындарында жалдама ақыны арзандатуды, технология алуға қол ұшын беруді, шикізат импортын салықтан босатуды ұсынды, тіпті франчайзинг желісін құру үшін, жарты ақшасын мемлекет мойынана алсын дейді.

-То есть через 10 лет мы все будем одеты в продукцию казахстанского производства?  - Да, и не только мы. Мы абсолютно в этом уверены.

Әдетте қазақстандық дизайнерлердің өнімдері өте қымбат болатыны бар. Ал бүгін көрмедегі киімдердің бағасы бәлендей қымбат емес. Тек көп компаниялар маркетинг «құдыретіне» жүгінбейді. Бір жағынан отандық өнімге үрке қарайтын менталитетіміз тағы бар.

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Проблема в том, что когда они называют костюм или одежду казахстанским названием, то наши, к сожалению, потребители не очень любят брать. Потребители любят брать с иностранным названием. То есть менталитет, привыкли. И если называют костюм «Глассман», его люди берут, а если назовем как - нибудь «Сауле»… Поэтому здесь вопросы и воспитания и пропаганды.

Дегенмен, қандай атауына қарамастан «мэйд ин Казахстан» киім киюді армандайтын депутаттар бар.

Омархан Өксікбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Әсет Өрентайұлы, сіз қай жақтан аяқ киім алғыныңызды білмеймін. Мен де отандық аяқ киім кигім келеді. Аңсаймын, армандаймын, нәски тауып беріңізші маған. Кезінде сол «Сәуле», «Восток» дегендерді кидік атынан жиіркенбей. Қазір де жиіркенбеймін.

Вице-спикердің сөзінше, жеңіл өнеркәсіпті дамытуға 38 млрд теңге қаржы бөлінді. Бірақ ахуал мәз емес. Экономикада бұл саланың ілгерілеу үлесі небәрі 0,3 пайыз. Ал Министр Исекешев ынтасы барларды былтыр Ұлттық қордан бизнесті қолдауға бөлінген қаржыны алып, іс бастауға үндеді. Жеңіл өнеркәсіптің дамуына, тігіншілердің аз айлықты місе тұтпайтыны кедергі. Қытай, Тайвань, Үндістан сияқты елдермен салыстырғанда, бізде жұмыс күші өте қымбат.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ