Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада «Wynn Resorts» компаниясының басшысы Стивен Уинді қабылдады, - деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстандағы туризм саласы мен қонақ үй бизнесі мәселелері
талқыланды. Сондай-ақ, инвестициялық қызмет аясында бірлескен жобалардың жүзеге
асыру перспективалары да сөз болды.
Айта өтейік, Стивен Уинн Лас-Вегаста ірі
бизнесі бар миллиардер, әлемдегі ойын магнаты ретінде танымал.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА