Қызылша
қаупі - «Кеш емес» ток-шоуының кезекті тақырыбы. Студияда дәрігерлер мен
мамандар қызылшаға қарсы екпеден келер қауіпті талқылайды.
Динагүл Баешева, ҚР Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің инфекционисті:
Сіздің
айтып кеткеніңіз дұрыс. Біз уақытында халықпен қосылып жұмыс істемедік.
Түсіндірмедік. Оны мен мойындаймын. Міне 100 процентке.
Бұл жолғы хабар Қазақстанда
жүргізілген қызылшаға қарсы егу науқаны жайында болмақ. Студияда
мамандар егуден кейін жеткіншектер денсаулығының күрт нашарлауының себептеріне
тоқталады. Вакцинаны балаға салу қауіпті ме, әлде пайдалы ма? Иммундаудың
әсері, пайдасы және әлемдік тәжірбие жөнінде сөз қозғалады. Қазақстанды
дүрліктірген биылғы вакцинациядан кейінгі жайттар бойынша сараптама қорытындысы
жарияланбақ. Бүгін 23.00-де «Кеш емес» ток-шоуы жіберіп алмаңыз.
Берік ХАСЕНОВ