$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Абылай Мырзахметов: ЖІӨ көрсеткішіндегі кәсіпкерлік үлесін 50 пайызға жеткізудің негізі - Президенттің 5 халықтық реформасы

AstanaTV
26.05.2015ж. 13:00
968
  Абылай Мырзахметов: ЖІӨ көрсеткішіндегі кәсіпкерлік үлесін 50 пайызға жеткізудің негізі - Президенттің 5 халықтық реформасы

Қазақстанның жалпы ішкі өнім көрсеткішіндегі кәсіпкерлік үлесін 50 пайызға жеткізу үшін Президенттің 5 халықтық реформасын іске асыру қажет.  Бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов 5 реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы жайында пікір білдірді. Оның сөзінше, отандық кәсіпкерлікті дамытудың фундаменталды негізі - елбасы айтқан «заң үстемдігі», «индустрияландыру» және «кәсіби маман» реформасында жатыр. Мырзахметовтың сөзінше, ұлттық 100 қадамның негізгі салмағы да бағдарламаның аталған үш тармағында жатыр.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:

Кәсіпкерлік тұрғысынан қарағанда, әрине, барлық реформа керек. Бұл біздің Қазақстанды жаңа белеске шығаратын бағдарлама деп айтуға болады. Осы бағдарламаның басында да Елбасы айтып кетті, бұл бағдарлама сырттан келе жатқан дағдарыстар өзіміздің іштегі мәселелерге де нақты жауап деп.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ