Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Нигерияда қуат көзінің дағдарысы сезілуде

AstanaTV
26.05.2015ж. 13:00
893
Нигерияда қуат көзінің дағдарысы сезілуде

Ірі мұнай экспортаушы ел - Нигерияда энергетикалық дағдарыс. Электрогенераторға отын жетпей жатқандықтан тұрғын үйлер мен кәсіпорындар жарықтан қағылды, - деп жазды The National. Транспорт қозғалысы да тұралап қалса керек. Іс басына жаңа келген президент Мохаммаду Бухаридің үкіметі бар кінәні бұрынғы билікке артып отыр. Олар Джонатан Гудлактың әкімшілігі дағдарысқа жол берді, - деп айыптауда. Алайда белгілі болғандай, дағдарысты отын импортерлері қолдан жасаған. Мемлекет оларға миллиард доллар көлемінде берешек екен. Импортерлер осылайша әділдік орнатпақ ниетте. Айта өтейік, қара алтынның әлемдік нарықтағы құны 35-40 %-ға құлдырағандықтан, мұнайға тәуелді мемлекеттердің экономикасы біршама әлсіреді.

Ләйлә ҚКАЗИАҚПАРОВА