$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы облысында тікұшақ апатқа ұшырады

AstanaTV
27.05.2015ж. 20:00
1413
Алматы облысында тікұшақ апатқа ұшырады

Алматы облысында екі орынды «Элла 07» тікұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар қызметінен хабарлады.

Оқиға бүгін түскі сағат 12.05. шамасында Көксу ауданы аумағында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, «Талдықорған жолдары» ЖШС тиесілі жеңіл салмақты тікұшақ ауданда жүргізіліп жатқан жол құрылысын әуеден бақылау мақсатында ұшқан. Ресми дерекке сүйенсек, тікұшақ қуаттылығы 10 мың вольтты электр өткізгіш желіні іліп кетіп, жерге құлаған.

Кейбір деректер бойынша, әуе транспортын жергілікті мәслихат депутаты басқарды және әуе бортында ол жалғыз болған деген ақпар бар. Дегенмен, төтенше жағдайлар жөніндегі мамандар «қаза болған ұшқыштың кім екені әлі анықталмағанын» хабарлады.

Назерке Смағұлова,  Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметкері:

Біздегі ақпарат бойынша, апатқа ұшыраған тікұшақ «Талдықорған жолдары» ЖШС тиесілі. Әуе бортында жалғыз адам болған. Ал қазаға ұшыраған жеке тұлғаның аты-жөні құзырлы органдардың арнайы тексеруімен анықталуда. 

А.ЕРМАХАН