Жарылыс
жасамақ болғандар жазасыз қалмады. Бүгін Тараз базарларының бірінде жарылыс
жасау әрекеті үшін айыпталғандарға қатысты сот үкімі шықты. Жамбыл облысы
бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот айыпталушы
5 адамның әрқайсысын 4 жылдан аса темір
торға қамау туралы үкім шығарды. Оларға ҚК 233-тің 2 бабы, яғни «террористік топ
құру», «жарылыс жасау», «қоғамдық қауіпсіздікті бұзу», «халықты
үрейлендіру», «мүліктік зиян келтіру»
секілді бірнеше тармағы бойынша айыптар
тағылған болатын. Сондай-ақ, террористік
акт туралы жалған хабарлау бойынша да кінәлі деп таныды. Алайда, сот отырысында
«террористік топ құру» бабы, бұзақылық бабына алмастырылды.
Сот залында белгілі
болғандай, қылмыстық істі қарау барысында айыпталушылар өз кінәларын толық
мойындаған. Әрі олар бұл әрекетке бару себебін ешқандай террористік топ құру
мақсатында емес, тек бәсекелестік үшін жасағандарын айтқан. Жазаға
тартылғандардың бәрі - Жамбыл облысының тұрғындары. Бұрын сотталмаған.
Талғат
Сырлыбаев, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соты судьясы:
Сотталғандар
Жүнісқадыров, Оспанқұлов, Шахбатыров, Қожабаев және Өтегенов бұзақылық
әрекеттер жасады деп, сол 257 бап, 3 бөліміне ауыстырылды. Сотталғандар Оспанқұлов,
Жүнісқадыров 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Шахбатыровқа 4 жыл 6 айға айыру жазасы тағайындалды. Өтегеновке және Қожабаевқа 4 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Еске салайық, былтырғы жылдың
шілде айынан бастап полицияға «базардағы бомба» туралы жалған қоңыраулар жиі түскен.
Ал сол жылдың 30 тамызында аталған базар алдына мемлекеттік нөмірі жоқ, салонынан
түтін будақтаған «Ауди» автокөлігі табылған еді.
Сол жердегілер тез арада көлікті ашып, түтінді өшірген. Көлік ішінен сол сәтте
150-ден аса газ баллоны мен 50 литр бензин табылған еді.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ