Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматы облысындағы тікұшақтың құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
28.05.2015ж. 10:00
996
Алматы облысындағы тікұшақтың құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

«Алматы облысында тікұшақтың құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлайды ҚазАқпарат. Нақтырақ айтсақ, Қылмыстық Кодекстің 344-бабы, яғни теңіз, әуе, теміржол көліктерін пайдалану және қозғалысындағы қауіпсіздік ережесін сақтамау бойынша іс қозғалып отыр. Еске салсақ, кеше Көксу ауданы аумағында «Автожир ЕLА 07-S» әуе көлігі апатқа ұшырады. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, тікұшақтың тізгінінде облыс маслихатының депутаты, 1950 жылғы Жанайдар Егінбаев болған. Ол тікұшақпен өңірде салынып жатқан жолды бақылау мақсатында ұшыпты. Өте төмен биіктікте маневр жасап, тікұшақты электр сымдарының астынан өткізбек болған. Алайда, тікұшақ винті электр сымына ілініп, салынып жатқан жолға құлаған. Апат салдарынан ұшқыш оқиға орнында қаза тапты. Оның мүрдесі Талдықорғанға сараптауға жіберілген.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА