$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Химфармның дәрісі қолды болғаны рас па?

AstanaTV
28.05.2015ж. 10:00
1765
Химфармның дәрісі қолды болғаны рас па?

Шымкенттегі «Химфарм» акционерлік қоғамында «ЦЕФ-3» деп аталатын дәрі ірі мөлшерде қолды болған. Мұны аймақтағы медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті өкілдері жоспардан тыс тексеру кезінде анықтаған. Бұл жайында арнамызға прокуратура қызметкерлері мәлім етті.

Алмас Меңлібаев, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары:

«Цифтраксон» дәрісінің 62 келі орнына басқа порошоктың тұрғаны анықталған. Бұл орын алған дерек, әл-Фараби полиция бөліміне тіркеліп, «сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету», хищениемен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Арнайы қажетті сараптамалар тағайындалды. Осы қылмыс бойынша барлық толық тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесімен түпкілікті шешім қабылданатын болады.

Аталған дерек негізінде Ішкі істер қызметі «Сеніп тапсырылған мүлікті ысырап қылу» дерегімен қылмыстық іс қозғады. Ал ірі кәсіпорында ұрлықтың болған не болмағаны тергеу амалдарынан соң белгілі болмақ. Соның негізінде процессуалдық шешім қабылданады,- деді прокурор. Ал кейбір ақпарат құралдарында жарияланғанындай ел арасында «қауіпті», «жойылуға» жатқызылған дәрі саудаға шығып кетіпті деген ақпарды құзырлы орын растамады. «Бұл дәрі дәріханаларға жетпеген», - деп отыр Алмас Меңлібаев. Осы мәселеге орай, дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорынға жолдаған сауалымызға жазбаша ғана жауап алу мүмкін болды. Онда көрсетілгеніндей «ЦЕФ-3» дәрісі «менингит», «пневмония» секілді бірқатар жұқпалы дерттерге қарсы қолданылатыны айтылған. Сондай-ақ, қолды болды деген дәрі «утилизацияға» жатпайды делінген хатта.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ