$518.97 €607.3 ₽6.64
×

ОҚО банк тонағандарға үкім шықты

AstanaTV
29.05.2015ж. 13:00
1476
ОҚО банк тонағандарға үкім шықты

Оңтүстік Қазақтан облысы Шардара ауданындағы банктердің бірін тонаған алты бірдей қызметкерге сот үкім кесті. Олар қаржылық құрылымнан 63 млн. теңгені ұрлағаны үшін  айыпталып отыр.

Сотталушылардың туыстарының айқайы:

Дәлел қайда, дәлел қайда?! Ақша қай жақта, ақша қайда?! Неге осы полицияның бәрін жауып ақшаны таппайсыңдар?!

Шымкенттегі әл-Фараби аудандық соты «Халық банктің» Шардара аудандық филиалының жетекшісі Мұхтар Ахметов пен күзетшісі Асан Жараевқа алты жылдан бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Тағы төрт қызметкерге бес жарым жылдан жаза кесті. «Аса ірі көлемде қаржыны қолды қылды»,- деп айыпталып отырғандардың барлығы жалпы тәртіптегі түзеу колониясында жаза өтейді. Сондай-ақ, олардың дүние-мүлкі тәркіленбек. Айта кетейік, әу-баста тергеуге алынғандардың қатарында болған жетінші күдікті кінәсі дәлелденбегендіктен босатылып отыр. Еске салайық, Шардара қаласындағы «Халық банкінде» тонау операциясы 2013-жылдың желтоқсанында болған еді. Күдіктілердің дайындығы күшті болғаны соншалық оларға бар болғаны 14 минут жеткілікті болыпты. «Терезенің темір торын бұзып ішке кіргендер, төрт жол сөмкеге қомақты қаржыны салып, лезде ізін жасырды», - деген дәйекті тергеу органы мамандары айтқан болатын.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ