$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Атырау жағажайлары демалушылардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алмай отыр

AstanaTV
29.05.2015ж. 13:00
1011
Атырау жағажайлары демалушылардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алмай отыр

Атырау жағажайлары демалушылардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алмай отыр. Бұл туралы аймақтағы судан құтқару қызметінің басшысы Ершат Қибашев, Облыстық төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі комиссия отырысында айтты.

Ершат Қибашев, Атырау облыстық судан құтқару қызметінің басшысы:

Ана жылы біздер өздеріміздің күштерімізбен өздеріміздің құтқарушыларымызды қойып, жаз бойы қауіпсіздікті қамтамасыз еттік. База отдыхалар көп, кісілер жағажайға суға түсуге, шомылуға барады. Бірақ шынын айтса, база отдыхаларда өздерінің қойған құтқарушылары жоқ. Суға шомылатын орындарын әзірлемеген. Қаланың ішіндегі ең көп суға кететін адамдар суға кететін де сол осы қалада.

Жергілікті биліктің ақпаратына сай, қалада тек екі жағажай заңды түрде тіркелген. Бірақ олар суға түсу маусымында аздық етеді. Құтқарушылар адамдар суға көп түсетін жағалауларға санақ жүргізген. Нәтижесінде облыс бойынша 27 жабайы жағажайды анықтаған, олардың тоғызы қала аумағында. «Былтырғы шомылу маусымында 19 адам суға кетті. Оның ішінде жеті жайт қаладағы заңсыз жағажайларда болды»,- деді, судан құтқару қызметі басшысы.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ