Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазақстанда егін егу науқаны 10 күнге кешігіп жатыр

AstanaTV
29.05.2015ж. 20:00
1409
Қазақстанда егін егу науқаны 10 күнге кешігіп жатыр

Елімізде егін егу науқаны жоспарлы мерзімнен он күнге кешігіп жатыр. Мамырдағы жауын-шашын мөлшері жылдық орташа нормадан 3 есеге артып кетті. Салдарынан солтүстік, орталық және батыс аймақтарда диқандардың жұмысы бөгелуде. Бұл жөнінде бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте айтылды.

Егін науқанының созылуы дәнді және майлы дақылдардың кеш пісіп-жетілуіне, күзгі үсікке шалынып, орақ жұмыстарының жаңбырға түсуіне әкелуі мүмкін. Ал ылғал дән үлесінің ұлғаюы қаупінен элеваторлар астықты уақытылы қабылдап, кептіріп және өңдеуді қамтамасыз ете алмайды,- дейді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров. Сондықтан министрлік диқандарға дәнді-дақылдардың ерте пісіруде стимулятолар қолдануға кеңес берді.  

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Егін егу науқаны кешіктірілген жағдайда, шаруалар егістікті күтіп-баптау технологиясын өзгертуге әзір болу қажет. Нақтырақ айтқанда, дәнді және майлы дақылдардың өсіп-өнуін жеделдететін стимуляторлар қолдану. Бұдан басқа, егістікті зиянкестерге және ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларына қарсы уақытылы өңдеу жұмыстарын өткізу. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін, жеңілдетілген несиелер мен лизинг секілді құралдарды тиімді пайдаланып, астық жинайтын комбайндар мен астық кептіргіш және басқа да қажетті техниканы алдын ала алу керек.  

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ