Ақтөбе
облысында тағы да киіктер қырылуда. Тобыл-Торғай табиғи резерваты мен Әйтеке би
ауданында ақбөкендердің өлекселері табылған. Бұл жайында жергілікті тұрғындар
облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хабар
беріпті. Аталған инспекция мамандары оқиға орнына аттанып кетті. Әзірге қанша
киіктің өлгені белгісіз. Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында 3 мыңнан
астам ақбөкен қырылып қалған болатын. Мамандар жануарлардың жаппай қырылуын
мөлшерден көп жауған жаңбырдан уланған шөппен байланыстырды.
Мансұр
ЕСХОЖИН