Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Джиро де Италия» марафонының аяқталуына үш кезең қалды

AstanaTV
29.05.2015ж. 20:00
1080
«Джиро де Италия» марафонының аяқталуына үш кезең қалды

Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс жекелей жарыстан шығып қалды. «Ролан Гаррос» турнирінің екінші кезеңінде Бельгия спортшысымен кортқа шыққан еліміздің бірінші ракеткасы екі сетте ұтылды. Спорт жаңалықтарын Самат Қанағатов жалғастырады.

«Джиро де Италия» марафонының 18-ші кезеңі мәресіне жетті. Швейцарияның Мелиде және Италияның Вербания қалаларының арасында өткен бәсекеде Бельгия спортшысы Филипп Жильбер жеңіске жетті. 170 шақырымнан тұратын жарыс жолын «БМС» командасының өкілі 4 сағат 4 минут 14 секундта бағындырды. Жеңімпаздан 47 секундқа қалып қойған «Бардиани» командасының спортшысы Франческо Бонджорно екінші орынға жайғасса, үшінші сатыны франциялық Сильвен Шаванель еншіледі. Ал мәре сызығын 12-ші болып кескеніне қарамастан, испаниялық Альберто Контадор жалпы есепте өзін өкшелеп келе жатқан «Астана» клубының спортшылары Микель Ланда мен Фабио Аруды артқа тастап, уақыт көрсеткішін 1 минутқа жақсартты. 18 кезеңнен кейін екінші орындағы Ланда «Тинькофф Саксо» капитанына 5 минут 15 секунд, ал Ару 6 минут 5 секунд ұтылып келеді. «Джиро де Италия» марафонының аяқталуына 3 кезең қалды. Алғашқы екі кезеңде командалар 1-ші дәрежелі 6 бірдей шыңды бағындырады. Егер дәл осы таулы жолдар да  «Астана» командасының спортшылары сәтті өнер көрсетсе, онда Контадордың алдын орап кетуге болады.   

Самат ҚАНАҒАТОВ

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық