Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Спасск мемориалдық кешенінде испандықтар мен эстондықтарға арналған ескерткіш белгілері ашылды

AstanaTV
01.06.2015ж. 10:00
1030
Спасск мемориалдық кешенінде испандықтар мен эстондықтарға арналған ескерткіш белгілері ашылды

Қарағанды облысының Спасск мемориалдық кешенінде саяси қуғын-сүргін құрбандары- испандықтар мен эстондықтарға арналған ескерткіш ашылды. Отан соғысы жылдары жер аударылған шетел азаматтарын еске алу рәсіміне олардың жерлестері қатысты. Ескерткіш Карлагта тұтқында отырып, Қарағанды жерінде қаза тапқан ондаған әскери тұтқынға арналады. Соғыс жылдары жазықсыз қудалағандардың көбісі отандарына оралмады.  Ескерткіштер қазақстандық испандықтардың қаржылай демеуінің арқасында жасалыпты. Қаралы митингке Испания, Эстония, Ватикан, Литва, Латвия, Франция, Румыния, Оңтүстік Корея елдерінің дипломаттары мен көзі тірі бұрынғы тұтқындар да келді. Олар отандастарының құрметіне гүл шоқтарын қойды. Рәсімге сондай-ақ, мұсылман, православ және католик діндарлары қатысып дұға бағыштады. Спасск мемориалдық кешені әскери тұтқындар жерленген жер. Мұнда елуден астам ұлт өкілінен шыққан 5 мың әскери тұтқынның мүрдесі көмілген. Бүгінде облыста саяси қуғын-сүргін құрбандарынының құрметіне ашылған 25 ескерткіш бар.

Мануэль Парротча, Испания патшалығының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

1941-1954 жылдар аралығында қарағанды лагерлерінде 152 испандық болған. 1954 жылы олардың арасынан аман қалған 138 азамат Испанияға оралды. Ал, 14 адам қаза тапқан. Бүгін біз жазықсыз ауыр азап тартқан жерлестерімізді еске алып, құрмет көрсету үшін келдік. Бұл біздің тарихымыздың бір бөлігі ретінде әрқашан жадымызда.

Айжан ҚУАШ 


Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық