$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ресейдегі Волгоград облысы қуаңшылыққа тап болуы мүмкін

AstanaTV
02.06.2015ж. 10:00
877
Ресейдегі Волгоград облысы қуаңшылыққа тап болуы мүмкін

Ресейдің Волгоград облысындағы диқандар алдағы 10 күнде жаңбыр жаумаса, қуаңшылыққа тап боламыз ба деп қауіптенеді. Себебі, бұл өңірде жоғары температура мен жауын-шашынның тапшылығы егін алқаптарын құрғатып жіберген. Кейбір шаруалар діни ырымдарды жасаудан да тайынбапты. Жалпы, бұл өңірде жауын-шашын бірқалыпты жаумайды. Дихандар жауынға мұқтаж. Алайда, өңірдің кей жерлерінде ылғал шамадан тыс түсіпті. Дегенмен, ауа-райын болжайтын мамандар маусымның басында Волгоград облысында өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, тіпті бұршақ түсуі ықтимал екенін хабарлаған. Ал ауа температурасы +30 градустан асады деп отыр.

Петр Голов, шаруа:

Егер де алдағы 10 күн ішінде жаңбыр жауса, егін алқаптары қалыпты жағдайға келеді. Жауын-шашынды күтіп отырмыз. Қыр басына крест орнатудамыз, бәлкім көмегі тиер.

Абзал ҚҰРМАНКИН