$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Қасым-Жомар Тоқаев:«Ислам мемлекеті» радикалды ұйымының ядролық қару иеленеміз деген мәлімдемесіне өте сақ қарау керек

AstanaTV
01.06.2015ж. 20:00
1382
Қасым-Жомар Тоқаев:«Ислам мемлекеті» радикалды ұйымының ядролық қару иеленеміз деген мәлімдемесіне өте сақ қарау керек

Әлемдік ядролық клуб мүшелері жаппай қырып жою қаруынан өз еркімен бас тартқан мемлекеттер мен экстремистік ұйымдардың ядролық қаруға қол жеткізу бастамасына аса сақ қараған абзал. Бүгін Қазақстан Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ислам мемлекеті» радикалды содырларының ядролық қарулану жөнінде жасаған мәлімдемесіне қатысты алаңдаушылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Жүйеден тыс ойыншылардың ядролық технологиялар мен арсеналға қол жеткізу ниетттері мен амалдары аса қауіпті. «Ислам мемлекеті» радикалды ұйымының осы жылдың ішінде ядролық қару иеленеміз деген мәлімдемесі аса сақтыққа негіз.

Астанада жұмысын бастаған «Жаһандық қауіп-қатерлерді азайту» халықаралық семинарында сондай-ақ ядролық отын қоры туралы да сөз болды. Елімізде екі жылдың көлемінде аз байытылған уран сақтау банкі құрылмақ. Оған қатысты негізгі келіссөздер алдағы аптада Венада басталады. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік екі мәселені талқалайды: Біріншісі - ядролық отын банкін Қазақстанда орналастыру, екіншісі - ядролық отынның Ресей аумағы арқылы транзиті.

Тимур Жантикин, ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық бақылау және тексеру комитеті төрағасының орынбасары:

Жобаның жүзеге асырылуына шамамен 2 жыл қажет деп отырмыз. Қазір келісімге қол қойылса, құжат парламент қарауына жіберіледі. Сосын келісімнің Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің кей техникалық талаптарына сәйкестік мәселелері жетілдірілмек. Барлығы толық тексерілгеннен кейін, ядролық отын Қазақстанға 2017 жылдан бастап жеткізіле бастайды деген ойдамыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ