$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенцияның мәтіні 2016 жылы дайын болады

AstanaTV
02.06.2015ж. 10:00
1201
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенцияның мәтіні 2016 жылы дайын болады

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияның мәтіні, Астанада өтетін саммитке дейін дайындалады. Каспий бойынша келесі саммит 2016 жылы өтпек. Бұл жайында Тегеранда өткен жиында Ресей президентінің Каспий теңізі ісі бойынша арнайы өкілі Игорь Братчиков мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. Айта кетейік, Тегеранда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын әзірлеп жатқан арнайы жұмыс тобының 40 сессиясы өтуде. Оған  5 мемлекеттен өкілдер - теңіз жағалауындағы Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Ресей және Түркменстан мемлекеттерінен қатысуда. Ақпарат агентігінің дерегінше, Каспий жағалауындағы мемлекеттер басшыларының Астраханьдағы кездесуі барысында, тараптар келесі отырысқа дейін әр ел тиісті құжаттарды дайындауға құқылы деген уағдаластыққа келген болатын.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА