Биылғы,
оныншы «Kazenergy»
Еуразиялық форумы энергетика нарығындағы өзгерістерге арналады. Бұл туралы
бүгін қауымдастықтың бас директоры Әсет Мағауов хабарлады. Айтуынша, форум барысында
күн тәртібіндегі саяси оқиғалар да талқыланбақ. «100
нақты қадам»
Ұлт жоспарына ерекше ден қою көзделуде.
Айта өтейік, форумға әдеттегідей, дүниежүзiлiк энергетикалық нарықтың iрi қатысушылары ат салысады. Он жыл iшiнде
бұл форум мұнай-газ саласының барлық энергетикалық өндiрiсi мен кәсiпорындарын
бiрiктiретiн беделдi және ықпалды диалог алаңы болып қалыптасты.
Әсет Мағауов, Kazenergy қауымдастығының
бас директоры:
Қаралатын
басты тақырыптардың бірі - әлемдік энергетика нарығының трансформациялануы
болмақ. Соңғы уақытта қатпарлы мұнайға сұраныс күрт артты. Халықаралық сарапшылар дәстүрлі мұнай
өнімдері ығыстырылып жатқанын айтуда. Біз осы әлемдік тенденцияларды шетелдік
мамандармен талқыламақпыз.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА