Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстан бойынша ҰБТ басталды

AstanaTV
02.06.2015ж. 20:00
1712
Қазақстан бойынша ҰБТ басталды

Бүгін Қазақстан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Арнайы жасақталған 165 пунктте 87 мыңнан астам түлек білім сынағынан өтеді. Астанадағы осындай тестілеу орталықтарының біріне Білім және ғылым министрі де бас сұқты.

Үлкен өмірге бастайтын маңызды сынақтан өтуге түлектер мен ата-аналар таңғы сағат 7-де жинала бастаған. Қанша қобалжығанмен, олар тоғыз жарымда тест сұрақтарын белгілеуге кірісті. Бүгін бұл аудиторияға жиналған түлектерге Бас ұстаздың «батасын» алу бақыты бұйырыпты. Аслан Сәрінжіпов сұрақтар қатталған жәшікті өз қолымен ашып, Ұлттық тестілеуді бастауға рұқсат берді. 

Қымбатты балалар, бүгін өте маңызды күн. Бүгін ҰБТ бастаймыз. Республикамыз бойынша 165 осындай пункт ашылды. Сіздер тек өз білімдеріңізге сеніп, тесті жақсы тапсырады деп, мен сенімдімін. Вот здесь мы на доске написали, ваши результаты будут на этом сайте.

Биыл жалпы түлектердің 71 пайызы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Оның 62 мыңнан астамы қазақ тілді, 25 мыңнан астамы орыс тілді оқушылар. Тағы бір айта кетері, биыл ҰБТ сұрақтарының 20 мыңдайы жаңартылған. Басым бөлігі логикалық сұрақтар көрінеді. Ұлттық тест 2-8 маусым аралығында өтеді. Астанадағы №11 пунктте алғашқы күні түлектерді тексеріп кіргізу, сұрақтарды үлестіру барысы ың-шыңсыз өтті. Маңызды сәтте сынақ тапсырушыларды қолдауға келген жақын туыстары тестілеу барысын сыртта орнатылған монитор арқылы бақылаумен болды. 

Бану Аямбай:

Репетитор дайындаған жоқ. Балам 1 сыныптан жақсы оқыған. Қазіргі күнде 100-115 бал алатын шығар деп ойлаймыз. Енді оны Алла біледі. 

Бүгін тус ауа Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы нәтижелері де белгілі болды. Оны түлектер жеке сәйкестендіру нөмірлері арқылы экранда көрсетілген сайттан білуіне болады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ