$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Мейірбек Молдабеков: Ресей «Шығыс» ғарыш айлағын іске қосса - Байқоңыр тек отандық спутниктер мен коммерциялық ұшыруларға көшеді

AstanaTV
02.06.2015ж. 20:00
2977
Мейірбек Молдабеков: Ресей «Шығыс» ғарыш айлағын іске қосса - Байқоңыр тек отандық спутниктер мен коммерциялық ұшыруларға көшеді

Ресей «Шығыс» ғарыш айлағын іске қосса, Байқоңыр тек отандық спутниктер мен коммерциялық ұшыруларға көшеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков мәлімдеді, деп жазады ҚазТАГ. Молдабеков, қазақстандық космодром нарық жағдайына бейімделу үшін, қызмет құнын да қол жетімді етуі тиіс, дейді. Оның сөзінше, қазір Байқоңырдың техникалық жағдайы қайта жаңғыртуды қажет етеді. Байқоңырда алдағы уақытта «Протон» зымыранының ұшырылуы да біртіндеп тоқтатылмақ.

Космодромның келешегі «Ангара» зымыран тасығышы негізінде қызмет ететін «Байтерек» кешенін құруға тікелей тәуелді. Мейірбек Молдабеков сондай-ақ жаңа кешенде «Ангара» тасығышына балама түрінде жеңіл санаттағы зымырандарды да пайдалануға болар еді. Алайда, жоба Ресеймен бірлесе іске асырылғандықтан, бұл мәселеде «Роскосмостың» келісімі қажет. «Қазғарыш» басшылығы ресейлік әріптестерімен осы және жобадағы Ресейдің үлесі жайында келіссөздер жүргізіп жатыр», - деген Молдабеков Қазақстан жобаның тең құқылы негізде іске асуын көздейтінін айтты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ