Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Теннистен Франция ашық чемпионаты жалғасуда

AstanaTV
02.06.2015ж. 20:00
1053
Теннистен Франция ашық чемпионаты жалғасуда

Теннистен «Ролан Гаррос» турнирінің 4-ші кезең ойындары мәресіне жетті. Аталған жарыстың 9 дүркін жеңімпазы испаниялық Рафаэль Надаль ширек финалға шықты. Бұл сында әлемнің алтыншы ракеткасы - АҚШ спортшысы Джек Сокты үш сетте айналып өтті. Тақырыпты Самат Қанағатов тарқатады.

Теннистен Франция ашық чемпионаты жалғасуда. Ерлер арасындағы сайыста сынға түсіп жатқан Новак Джокович дәрежелі жарыстың ширек финалына шықты. Төртінші кезеңде Сербия спортшысы Франция теннисшісі Ришар Гаскемен жолықты. Кездесу басынан ойын тізгінін қолына алған әлемнің бірінші ракеткасы алғашқы сетте 6-1 есебімен басым түсті. Үзілістен кейін намысқа тырысқан алаң иесі есепті теңестіру үшін аянып қалмады. Бірақ, сәт сайын қорғанысын берік ұстап, шабуылда тура соққылармен ерекшеленген Сербия теннисшісі 6-2 есебімен үздік шықты. Үшінші сет те ойынға айтарлықтай өзгеріс әкеле қойған жоқ. Новак Джокович бірқалыпты өнер көрсетсе, Гаске жиі қателесіп, қарсыласының қарқынына төтеп бере алмады. Қортынды есеп 6-1,6-2,6-3. Енді ширек финалда Новак Джокович испаниялық Рафаэль Надальмен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.



Ұлттық хоккей лигасында сынға түсіп жатқан «Чикаго Блэкхокс» командасы «Стэнли» кубогының финалына шықты. «Шығыс» конференциясының финалында «Анахайм» клубымен сынға түскен Джоэль Кенневильдің шәкірттері 7 кездесу қорытындысы бойынша 4-3 есебімен басым түсті. Екі команда арасындағы шешуші ойын «Анахайм» алаңынды өтті. Кездесуді толассыз шабуылдармен бастаған «Чикаго» хоккейшілері 4-0 есебімен алға шықты. Қонақтар сапында екі мәрте Джонатан Тэйвс, Брэндон Саад және Мариан Хосса мергендігімен танылды. Қалған уақытта айдын иелері есепті бір шайбаға дейін қысқартқаны сол еді. Брент Сибрук «Анахайм» қақпасына 5-ші шайбаны соғып, есепті қорытындылады. Енді финалда «Чикаго» және «Тампа Бей» командалары «Стэнли» кубогын сарапқа салады.

Самат ҚАНАҒАТОВ

 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық