$524.24 €612.94 ₽6.68
×

«Алтын сапа» байқауына өтініш қабылдау басталды

AstanaTV
16.02.2016ж. 20:00
1681
«Алтын сапа» байқауына өтініш қабылдау басталды

«Алтын сапа» байқауына өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері хабарлады. 2017 жылдан бастап отандық өндірушілер арасындағы байқау онлайн режимде өтеді. Ол өтініштер беру, байқау материалдарын бағалау онлайн түрде жүзеге асады деген сөз. Биылғы байқау талаптары жылдағы дәстүрге сай. Отандық өндірушілер 1 шілдеге дейін тиісті құжаттарын тапсыра алады.

Салтанат Әбдікәрімова, «Атамекен» ҰКП жұмыспен қамту департаментінің директоры:

Бұл байқауда Қазақстан аумағындағы барлық компаниялар бақ сынай алады. Тек мемлекеттің 50 пайыздан астам үлесі бар компаниялар қатыса алмайды. Және банкрот болып, қалпына келу жұмысы жүріп жатқандар байқаудан шеттетілген.