Қызылжарда 2013-жылы тапсырылуы
тиіс болған Назарбаев зияткерлік мектебі, биыл қыркүйекте ашылуы мүмкін.
Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Ратмир Ахметов осыны мәлімдеп отыр.
«Құрылысы 4 жылға созылған ғимарат бүгінде толық дайын. Қазір тек маңайды
абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Нысан жоспар бойынша үстіміздегі жылдың
шілде айында қолданысқа берілмек. Бұл жобаның құны 3,5 млрд теңгеден
асады»,-дейді басқарма жетекшісі. Еске салайық, былтыр жергілікті билік
өкілдері аталмыш білім ордасы бірінші қыркүйекке дейін тапсырылады, деген уәде
берген болатын. Кейін оқу үрдісінде пайдаланылатын арнайы қондырғылардың
жоқтығын алға тартып, мектептің ашылуын қаңтарға дейін шегерді. Бірақ оқу жылы
аяқталғанша ел игілігіне берілген жоқ.
Ратмир Ахметов, СҚО Құрылыс
басқармасының басшысы:
Білім министрлігі арнайы
қондырғыларға тапсырыс берді. Енді оларды шілденің жиырмасына дейін Петропавлға
жеткізеді. Ал, жалпы оқу жүйесіне қажетті заттар мектепте бар.
Абзал ҚҰРМАНКИН