Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Көшеде жартылай жалаңаш билеген бишілер анықталды

AstanaTV
03.06.2015ж. 10:00
1907
Көшеде жартылай жалаңаш билеген бишілер анықталды

«Жалаңаш жарнама». Атырауда, тал түсте қаладағы орталық көшедегі дүкен алдында жартылай жалаңаш қос қыз ерсі қимылдар көрсетіп, би билеген. Бейнежазбадан - көшеден өткен көліктер де жылдамдықты бәсеңдетіп, назар аударғанын анық байқауға болады. Бойжеткендердің әрекетін жүргіншілер ұялы телефондарына түсіріп алып, әлеуметтік желіде жариялаған. Осы желі қолданушылардың наразылығынан соң ғана құқық қорғаушылар ерсі қылық көрсеткен қыздарды іздеп тапты. Олар 20 жастағы Ақтау қаласының тұрғындары болып шыққан. Биші қыздардың үстінен Әкімшілік Құқық бұзушылық Кодексінің 434-бабы, яғни ұсақ бұзақылық бойынша хаттама толтырылған. Бұзақылық жасаған бойжеткендер тәртіп сақшыларына, жартылай жалаңаш билеп, іш киімдер дүкенін жарнамалақ болғандарын айтып ақталған. Бір қызығы, қыздарды жарнамаға жалдаған дүкен иесі жауапкершілікке тартылмайтын болыпты.

Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі:

Мұндай қылықтары үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады. Дүкен алдындағы жаяу жүргіншілер жолына Таурер автокөлігін қойған жүргізушіге қатысты ӘҚБтК 597 бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданды.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ