Мемлекеттік функциялардың
азаматтық секторға өтуі үкіметтік емес органдардың дамуына серпін береді.
Қоғамдық-саяси процестердiң сараптама-жобалық бюросы қоғамдық қорының атқарушы
директоры Оразғали Селтеев осылай дейді. Айтуынша, «100 қадам» ұлт жоспары
мемлекеттiк жүйенiң әлсiз тұстарын жоюға бағытталған. Жаһандық экономикалық
дағдарысқа қарамастан, біз түбегейлі институционалды өзгерістерге бет алдық,-
дейді Оразғали Селтеев. Ол, ұлт жоспары, әсіресе елдің ішкі тұрақтылығы мен
дамуын қамтамасыз етеді деген ойда. Елбасы бекіткен нақты тапсырмаларға жекелей
тоқталған қоғамдық қор өкілі, маңызды жоспар үкіметтік емес органдарға көп
мүмкіндік береді деген ойда.
Оразғали Селтеев,
«Қоғамдық-саяси процестердің сараптама- жобалық бюросы» Қоғамдық қорының
атқарушы директоры:
Мемлекеттік функциялардың
біртіндеп азаматтық секторға өтуі үкіметтік емес органдардың нығаюына әкеліп
соқтырады. Осы ретте Шығыс Қазақстан облысының тәжірибесін ерекше атағым
келеді. Бұл өңірде үкіметтік емес органдар өте белсенді, батыл жұмыс істеуде.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА