$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Қызылорда облысында поезд машинистері киіктерді басып өлтірмек болды

AstanaTV
04.06.2015ж. 10:00
1053
Қызылорда облысында поезд машинистері киіктерді басып өлтірмек болды

Қызылорда облысында поезд машинистері киіктерді басып өлтірмек болды. Оны өздері видеоға түсіріп алған. Бір топ киіктің үйірін көрген машинистер, жануарлар темір жолға жақындағанда жылдамдықты артырып әдейі баспақ болады. Олардың мұндай қадамға не итермелегені әзірге белгісіз. Бейнежазбаны ғаламторға салған автор: оқиға Қызылорда облысы Сексеуіл станциясы аймағында орын алғанын жазады. Интернет қолданушы өз парақшасында: «Видеода машинистердің киікті қызық үшін баспақ болғандары көрініп-ақ тұр. Қызыл кітапқа енген, өзі де саны азайып бара жатқан жануарларды осыншама қинап қажеті не? Бейнежазбаны түсірген адамдар нағыз қатыгездер» - дейді. Айта кетейік, жергілікті билік өкілдері әзірге видеоға қатысты түсініктеме берген жоқ. Поезд жүргізушілерінің кім екендігі туралы ақпарат та әлі анықталмады.

Жұрағат БАМАН 


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах