$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Янцзы өзеніндегі кеме апатынан жапа шеккендердің туыстары туристік фиирманы торуылдап жүр

AstanaTV
04.06.2015ж. 10:00
1178
Янцзы өзеніндегі кеме апатынан жапа шеккендердің туыстары туристік фиирманы торуылдап жүр

Қытайдың Янцзы өзеніндегі кеме апатынан хабарсыз кеткен жолаушылардың, жүздеген туыстары қандай-да бір мәлімет алу үшін туристік фирманың кеңсесін қоршап алды. Көбінің жүйкесі сыр беруде,- деп жазады «Рейтерс» агенттігі. Сәтсіз рейсті ұйымдастырған туристік фирма қайғылы оқиға хабарланысымен жабылып қалған. Есігінде жедел желі телефонының нөмірі ғана жазылған, бірақ олармен тілдесу мүмкін емес. Қайтыс болғандардың саны 65-ке жеткен. Алдын-ала тексеру лайнерде артық адам болмағанын көрсетті. Кемедегі құтқару кеудешелері мен шағын қайықтары барлығына бірдей жетпеген. Бұл туралы жауап алу кезінде кеме капитан мен бас борт механигі айтқан. Олар алғашқылардың бірі болып құтқарылған, қазір тұтқында отыр. Бірақ жолаушылар құтқару құралдарын пайдаланып үлгере алмаған. Өйткені апат кешкісін, ел ұйқыға жатқан кезде орын алды. Кеме әзірге су түбінен көтерілген жоқ. Әлі күнге 300-ден астам адамның тағдыры белгісіз күйінде қалып отыр.

Кай Бин:

Бізге жолаушылардың тізімі керек. Біз үкіметтің туристік фирмаға қатысты шара қабылдауын талап етеміз. Бізге адамдардың тізімі керек, кімнің тірі, кімнің қайтыс болғанын біле алмай жүрміз.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ