Оңтүстік Кореяда коронавирус
індетінен қауіптенген 200-ден астам балабақша, мектеп және жоғары оқу орындары
жабылды. Оған қауіпті дертті жұқтырғандар санының өсуі себеп болған. Қазірдің
өзінде 30 адам вирус белгілерімен дәрігерлерге тіркелген. Ал, екі науқас
айықпастан көз жұмған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ауру ошағына
«жылдам әрекет ету тобын» жіберу туралы шешім қабылдады. Құрамында эпидемиолог
мамандар бар топ - індеттің алдын алу үшін Корея билігіне көмек көрсетпек. Бұл
дерт - қазір қоғамда дүрбелең тудырды. Оңтүстік Кореяның Денсаулық сақтау
министрілігінің департаменті коронавирус індетінің кеңінен таралып, онымен
күресудің қиынға соққанын мойындап отыр.
Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ