$541.01 €640.34 ₽6.52
×

Астана қаласы тұрғындарына сальмонеллез қауіп төндіріп отыр

AstanaTV
04.06.2015ж. 13:00
Астана қаласы тұрғындарына сальмонеллез қауіп төндіріп отыр

2016 жылдан бастап санитарлық кітапшаларды бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы беру ісі қолға алынбақ. Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті қазір тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Бұл туралы аталмыш комитеттің өкілі Марал Рахымжанова мәлімдеді. Тамақтану және азық-түлік қауіпсіздігіне арналған дөңгелек үстел барысында Астана қаласына сальмонеллез қауіп төндіріп отырғаны да айтылды. Қауіпті бактерияны жұқтырғандар мен оларды тасымалдаушылар саны артқан. Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті төрағасы орынбасарының хабарлауынша, 130-дан астам азық-түлік өнімдері тексерілген. Оның 31 пайызы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сай келмеген. Қауіпті азық-түліктер тізімі Тұтынушылар құқығын қорғау комететінің сайтында ілінген. Қоғамдық тамақтану орындарында қызмет көрсететін жеті мыңдай аспаз бен даяшы медициналық тексеруден өткен. Нәтижесінде 9 адамнан сальмонелла табылды. Яғни вирус тасымалдаушылар да көбейіп отыр, - дейді мамандар.  Санитарлық кітапшалардың 30 пайызы жалған жолмен алынғаны анықталған. Бұған тосқауыл ретінде санитарлық кітапшалар бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы берілмек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ