$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Шығыс Қазақстанда 11 туристік фирма банкрот болудың аз-ақ алдында

AstanaTV
04.06.2015ж. 20:00
1344
Шығыс Қазақстанда 11 туристік фирма банкрот болудың аз-ақ алдында

«Шығыс Қазақстанда 11 туристік фирма банкрот болудың аз-ақ алдында»,-деп мәлімдеді облыстық туристік агенттіктер қауымдастығы өкілдері. Олардың барлығы Тревел систем компаниясымен бірге жұмыс істеген. Ең сорақысы  - Тревел систем арқылы 4,5 мыңдай жолдама алдын ала сатылып қойылған.

Енді 100 пайыз қаржысын төлеп, Араб Әмірліктері мен Чехияда, Грекия, Франция елдерінде демалуды жоспарлаған жерлестеріміздің арманы желге ұшпақ. Туроператорлар клиенттердің қаржысын қайтаруға мәжбүр. Операторлардың кейбірі жаман атқа ілінбеу үшін қомақты шығынға батуға да дайын. Олар несие алып демалуға жиналғандардың шығынын өтеуге бел буса, кейбір компаниялар оған шамамыз жоқ деп отыр. Қазір туроператорлар прокуратура мен үкіметке шағым жолдап, туризм нарығындағы бей-берекеттіктің жойылуын қадағалауды сұрап отыр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА